«Толық адам» тұлғасын тәрбиелеудің ұлттық моделі бойынша 2022-2023 оқу жылындағы жүргізілген жұмыстарға талдау. » Средняя общеобразовательная школа № 10
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№10 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(222) 31-48-17
Есепші бөлімі:
+7(222) 31-49-21
Нашар көрушілер
нұсқасы

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№10 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

» » «Толық адам» тұлғасын тәрбиелеудің ұлттық моделі бойынша 2022-2023 оқу жылындағы жүргізілген жұмыстарға талдау.
07
июнь
2023

«Толық адам» тұлғасын тәрбиелеудің ұлттық моделі бойынша 2022-2023 оқу жылындағы жүргізілген жұмыстарға талдау.

Тәрбие жұмысы.

Мектеп тәрбие жұмысының бағыттары «Толық адам» концепциясына негізделген:


 


 «Толық адам» тұжырымдамалық негіздері көрсеткен тәрбиенің 7 бағытын қамтиды.. Сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тәрбиенің бағыттарына сәйкес құрылып бекітілді. Биылғы 2022-2023 оқу жылындағы  мектебіміздің тәрбие саласына Абай атамыздың «Толық адам» концепциясы 26 тамыз педагогикалық кеңесінде сынып жетекшілерге таныстырылып,  бекітілді. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты – ққұндылықтар негізінде даму мен қалыптасудың барлық кезендерінде жеке тұлғаның әл- ауқатын қамтамасыз ету үшін тәрбиелеудің кешенді экожүйесін анықтау .

Сондықтан мектеп тәрбие жүйесінің алдына  келесі міндеттер қойылды:

-Еліміздегі  өскелен ұрпақты тәрбилеу

- Үздіксіз білім беру жүйесінде балалар мен жастарды тәрбиелеудің   құндылық негіздерін ашу.

-Білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу және білім берубағдарламалары мазмұнының тәрбиелік әлеулетін арттыру.

-Балаларды тәрбиелеу мен дамытуды және іске асыруға отбасын ,мемлекеттік ұйымдарды ,бұқаралық ақпаратты тарту.    

«Патриотизм негізінде азаматтық көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу» тақырыбында тәрбие жұмысын жоспарлады. Мектебімізде «Мәң «Өркен» қауымдастығы, «Адал ұрпақ», «Психологиялық көмек» орталығы, « Әкелер кеңесі» әкелер мектебі, «Аналар кеңесі» аналар мектебі жұмыс атқаруда.Алдағы уақытта «Ибалы» қыздар кеңесі, «Жігер» ұлдар кеңесі құрылып, арнайы жұмыс жоспары бекітіледі, ата-аналар қауымымен бірлескен жақсы жұмыстар атқарылатын болды.   

 І. Отбасы, қоғам, мемлекет жөніндегі түсініктері бар;

          Ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуде Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу бағытының маңыздылығын түсінеміз. Осы бағытта мектеп оқушылары мен сынып жетекшілері және мұғалімдер болып бірқатар іс-шаралар өткізіп, нәтижелі жұмыстар атқарды. 1-қыркүйек – білім күні салтанатты жиыны өтті.Қасиетті рәміздердің мән-мағынасын жақсы білу – өскелең ұрпақтың парызы. Мектебімізде өткізілетін мерекелік жиындардың, пән апталықтарының, сыныптан тыс іс-шараларды әр аптаның бірінші күні әнұранмен бастау дәстүрге айналған.

 «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында ащық сабақтар өтті. Тәрбие сағатының мақсаты – еліміздің 30 жыл жетістіктерін насихаттау, ұрпақ санасына қастерлі тәуелсіздік жылдарының қасиетін ұғындыру. 


Өзін-өзі басқару оқушылар ұйымы.

Организация ученического самоуправления

6 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Оқушылар Отан туралы үш тілде тақпақтарын арнап, ән айтып, домбыра аспабында күй орындады. Кеш соңында оқушылар мен ата-аналар бірлесіп жасаған бейбітшілік белгісі – көгершін құсын ұшырды.

2011 жылғы 6 шілдеде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған. «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау жылына екі рет өткізіледі. Жыл басынан бері  оның қатарында мектебімізден  160 бала қабылданды. Оның ішінде 55 «Жас ұлан», 105  «Жас қыран» ұйымының мүшелері. «Жас  ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспарлары жасақталып, бұйрығы бекітілді. Жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Жетекшісі Тілеуқабылов Елнұр.

«Жас қыран» мүшелерінің саны-165

«Жас ұлан» мүшелерінің саны-140

«Жас Ұлан» ББЖҰ Мүшелерінің жалпы саны-233

Ұланбасының аты-жөні- Дюсембаев Еркебулан

Тәлімгердің аты-жөні-  Талтусова Шынар Ержановна.

 Мектеп парламенті бұл – белсенді оқушылар мен  өзін-өзі басқару ұйымы арқылы жұмыстарды іске асыратын, өздерінің комуникативті және де ұйымдастыру шеберліктерін шыңдайды.   


05.05.2023 жылы мектебімізде «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай Қалалық  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.Оқушыларға галстук тағылып,төс белгі берілді.Ант қабылданып,«Жас Ұлан» ұйымының әнұраны айтылды. 


   


Азаматтық-патриоттық, құқықтық  және  полимәдениеттік тәрбие  беру   және  кәсіби  шығармашылық   бағытына байланысты  29.04. күні  «Бір шаңырақ астында» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Іс-шараның мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақ, бірлік, достыққа тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. 


 

Алғыс айту күні                             Қамқоршы күні














                               Ауған соғысының ардагерімен кездесу.


Мектеп оқушыларының ата-аналары дамыған елдерге қарағанда мектеп бастамаларын қолдауға көбірек қатысады. Мектеп ата-аналарының жартысынан көбі мектептің өзін-өзі басқаруына және мектептен тыс іс-шараларға еріктілер ретінде қатысады.

Оқушылардың бойына ең маңызды адамдық саналарды-адамгершілікті: сүюді,әдептілікті, мейірімділікті және басқа да асыл қасиеттерді дамытуымыз қажет. Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты бойынша бірқатар іс-шаралар өтті.

2022 жылдың  қазан айында  Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шара өтті.мерекелік шараға мектептің ұлағатты ұстаздары мен оқушылары қатысты «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы»-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқанда, білімі мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаздар біздің білім ордасында жеткілікті. Кәсіби мереке қарсаңында білім және иғылым саласында өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға алғыс хаттар мен мақтау қағаздары табысталды. Мектеп оқушылары мерекелік ән шашуларын жолдап, жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.


 



«1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай мектебімізде бірнеше акциялар мен байқаулар болып өтті. Және де осы күнге оралайстырылған сынып сағаттары өткзілді. 


 



 


6 наурыз күні  Халықаралық әйелдер  күніне   арналған  «Аналарға тағзым» атты мерекелік  кеш өтті. «Аналарға тағзым» атты мерекелік кештің мақсаты өмір сыйлаған, біз үшін түн ұйқысын төрт бөлген, бір қолымен бесік, бір қолымен әлем тербеп жүрген аналарға сый құрмет көрсету болды. 

 

Рухани – адамгершілік тәрбиесі бағытында жасалған жоспарға байланысты наурыз айының 17 жұлдызында «Қош қелдің, Әз  Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. 

Наурыз мейрамы білім мен тәрбиенің қарашаңырағында сән-салтанатымен және   салт дәстүрлермен ұстаздар мен оқушыларға ерекше сезім мен көңіл-күй сыйлады.


2. « Әлеуметтік жағдайы төмен» отбасылармен жұмыс.

Сонымен қатар, қазіргі таңда жас ұрпақ тәрбиесінде назар аударуды және шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер бар. Жайлы отбасылық орта- бақытты бала тәрбиелеудің басты шарты десек, отбасының ажырасуы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, төмен әлеуметтік-экономикалық табыс, ата-аналардың функционалдық сауаттылығының төмен деңгейі сияқты жайттар жалпы әл-ауқатына теріс әсер етеді.

 «Жүректен жүрекке» қайырымдылық бағытындағы жұмыстар. Оқу жылының  барысында қайырымдылық бағдарламасы белгіленіп , Республикалық акция аясында  көптеген шаралар өткізілді. Мектеп әкімшілігі және оқушылар әр түрлі бағытта жүргізді . 

 


Жыл басында  сынып жетекшілер тұрмысы төмен отбасы балалары мен қамқорлықтағы оқушыларды мектеп формасымен қамтылды. Келелі мәселе ашық ақпараттанған, әлеуметтік жағынан мығым,  танымдық және шығармашылық әрекетке білімді ортаны дайындау арқылы оқушылардың  жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамыту, өзін-өзі танытуын ұйымдастыруды көздеді. Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту айлығының  өту барысында тұрмысы төмен отбасы мен қамқорлықтағы оқушылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерттелді.

     Мектебіміз бойынша  әл-ауқаты  төмен 160 отбасы есепке алынды.  01.09.2022 ж  тегін тамақпен қамтамасыз етуге бастауыш сыныптар бойынша  78 өтініш, 5-11-сыныптар бойынша 82 өтініш қабылданып, оның  барлығы қанағаттандырылды. Сонымен мектебімізде тегін ыстық тамаққа 160 бала тіркеліп, жыл бойы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді..

         Оқу жылының басында сынып белсенділерін және ата-аналар комитетін сайланды, олар аптасына бір рет сынып сағатында және ата-аналар жиналысында атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп тұрды. Сынып оқушыларымен ақылдаса отырып, тәрбие сағаттарының тақырыптарын таңдап, бөліп бердім.Оқушылар белсенді түрде дайындалып,қызыға талқылап,бір-бірінің жұмыстарын формативті түрде бағалап жүр.Оқушылардың мектеп формасының сақталуы,жеке бас гигиенасының сақталуын,ішкі тәртіп ережелері сақталуы жөнінде  №01.1.- 02-2021 бұйрығы басшылыққа алынды.   .Ата-аналар жиналысын белгіленген мерзімде өткізіп,ата-аналарды толғандыратын тақырыптарды талқылап отырдық.Жиналысқа пән мұғалімдерін,мектеп психологын,мектеп дәрігері шақырылады..Ата-аналар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын мамандарға қойып,толық та пайдалы жауап алып отырады. 

                                                                                                 


3. Дене бітімі дамыған;

Салауатты өмір салтын тәрбиелеу саналы тандау дағдыларын дамыту, жауапкершілік пен құрмет құндылықтарын сіңіру, сондай-ак салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және баланың кіді үшін оңтайлы кеңістік құру арқылы балаларды өзінің дене және психикалык денсаулығына камкорлық жасауды үйренуді білдіреді. Бұл дегенімі сынып топ денгейінде: 

-педагогтер өз мысалында салауатты өмір салтын ұстану; 

-оқу-тәрбие үдерісіне денсаулық сақтау технологиялары, физикалық белсенді орекеттер енгізу.

- қарсы жынысты құрметтеу мақсатты түрде үйретіледі, сыни ойлау.

- деңсаулыкққа қатысты жауапкершілікпен шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

Қолданбалы өнермен айналысу халықтық өнер туындылармен таныстырып, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып қана қоймай, оларға қажетті техникалық білім беріп, еңбек, білік дағдыларын жетілдіреді, яғни еңбекке, мамандық таңдауға психологиялық және практикалық дайындық жасайды. Оқушыларды көркемөнерге бейімділігін дұрыс пайдалана білуге үйретіп, үнемі сәндік- қолданбалы өнер туындылырының эстетикалық маңыздылығын ашып отыру бағытында технология, сурет, музыка пәні мұғалімдері жұмыс істейді.

Оқушылардың халық шеберлерінің шығармашылығымен танысуы олардың эстетикалық қарым-қатынастарын дамытуға жағдай жасайды. Мектепте оқушылардың эстетикалық талғамын сәндік-қолданбалы өнер арқылы қалыптастыру өнер арқылы қалыптастыру – барлық оқу-тәрбие үрдісінде маңызды орын алады және оған көп көңіл бөлінеді. Оқушыларды дәстүрлі халықтық көркемөнерге тартуда үйірме жұмысы   маңызды рөл атқарады. Осы үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады. 

Мектептегі үйірме жұмысының нәтижелерін өткізілетін көрмелерден,қойылым концерттік бағдарламардан байқауға болады. Мектепте балаларды  халықтық өнерге баулуда, көркемдік шеберліктің тәсілдеріне үйретуде қолданбалы өнер, вокал, би, сурет үйірмелері үлкен еңбек етуде. Үйірмелерде оқушылар өз шеберліктерін іс жүзінде қолдана алады. Асқан шеберлер көркем қолөнеріне басқаша   шығармашылық көзбен қарап әдемі жәнеде пайдалы заттарды жасай алады. Осы үйірмелер арқылы, оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастырады, сахна мәдениеті, сәнді-талғаммен  киіну, сөйлеу, мәдениетін қалыптастырылды..

Оқушыларды  үнемі  дене шынықтыру  мен спортпен айналысуға бағыттау,салауатты өмір салтын насихаттау оқушылар арасында қоғамдық дене шынықтырулық-сауықтыру және спорттық жұмысты қалыптастыру, оқушылардың өздерінің денсаулықтарын сақтау мен нығайтуға бағытталған балалардың сана-сезімін дамыту мақсатында салауатты   өмір  салтын қалыптастыру жөнінде ақпараттық сауықтыру және насихаттық қызметті күшейту мақсатында мектепте білім алушылар спорт секцияларына қамтылған. Сыныптан тыс уақыттарында оқу бағдарламасына сәйкес волейбол, баскетбол, футбол, пионербол спорттық ойындары өткізіледі. Үйірме   жұмыстары Волейбол, ұлдар командасы, волейбол қыздар командасы, баскетбол, футбол, тоғызқұмалақ,шахмат  үйірмелері бекітілген кесте бойынша жұмыс атқарылады.Спорттық нәтижелеріміз  бар.

«№10 ЖОББМ» КММ-де тәрбие жұмысы үздіксіз жүргізіледі. Ата-аналармен, сыртқы ұйымдармен үнемі тығыз жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ, ата-аналар тарапынан жақсы баға бар. Мектеп оқушылары мектепішілік, қалалық, облыстық және республикалық іс-шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда, оқушылардың шығармашылық конкурстарға, конференцияларға, слеттерге, спорттық жарыстарға қатысуы


 



4. Өзіне сенімді ж/е белсенді;

Ерік-жігер тудырады (еңбек). Абай шығармашылығына арқау болған өзекті тақырыптардың бірі масылдыкпен күрес. Ақын үнемі уайымсыз салғырттыққа, ойын-күлкіге салынбай, саналы енбек етуді үндейді. Ерік-жігерді ұдайы еңбек арқылы шындап отыруды құп көреді. Еңбексүйгіштік пен білімге құштарлыктын манызын «Еңбек етсен ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Тамағы токтык, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын», «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен акылын екі жактап де аталатын өлең жолдарынан коруге болады. Абай материалдык иліктен лаззат алуды білдіретін гедонистік эл-ауқат ұғымына күмән келтіреді: «Өзін үшін еңбек қылсан, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласын; қарызы үшін енбек кылсан, Алланың сүйген құлының бірі боласын».

Шығармашылық жұмыстардың білік деңгейіне көтерілуіне үйірме жұмыстарының қосар үлесі мол.Үйірмеде оқушылар өздері құрастырып жасалған еңбектері бағаланады . Бұдан әр тұлғаның өз жетістіктері көрінеді. Жұмыстар ай сайын өтетін сайыстарға ұсынылып, көрмелерге қойылады. Бұл жас таланттың әрі қарай қанат жаюына үлкен жол ашады.

Тәуелсіздік күніне арналған мектептішілік оқушылар арасында көрме өткізілді. Көрмеге 40-тан астам жұмыстар ұсынылды. Осы көрмеге белсене қатысқандар орта буын оқушылары. Әр баланың ізденіс еңбегі жетістікке жеткізеді. Сондықтан да үйірме жұмыстарында олардың қызығушылығы мен ізденісі – бірінші орында және технология сабағында осы оқушылар әрқашанда кез келген тақырыпты бірден іліп әкетеді.


   









5. Отбасы, қоғам, мемлекет жөніндегі түсініктері бар.

Қазіргі таңдағы әлеуметтік мәселенің бірі ата - ана мен баланың арасындағы қарым – қатынас. «Ата - ана - бала» жұбындағы кез келген қарым - қатынас түрінің тәрбиелік маңызы бар. Отбасында бала тәрбиелеу өте маңызды мәселенің бірі Бала тәрбиелеу тек жанұяға ғана емес, қоғамға да қатысты. Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу мұғалімдердің және отбасының негізгі міндеті.

Отбасындағы тәрбие бір жақты емес, жан - жақты, әр тарапты ерекшелігі бар, даму процесі бар педагогикалық мәселе.

Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы – жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін мектеп, ата - ана болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Демек, бала бақытының кепілі ата - ананың өнегелі тәрбиесінде. Сондықтан баланың бас ұстазы ата - ана болғандықтан, ата - анамен үздіксіз байланыста болу керек.
 
Жалпы  мектепішілік ата-аналар жұмысын ұйымдастыру мақсатында оқу жылдарының әр тоқсанында жалпы ата-аналар жиналысы өткізіліп, жаңа оқу жылына жоспар құрылды. Ата-аналар рейдінің жұмыс кестесі мен  журналы жұмыс істейді.  Мектепішілік ата-аналар, сыныптар бойынша Кеңес құрамдары сайланған. Жұмыс жоспары негізінде  сабақты   себепсіз босатқан оқушылардың   ата-аналарымен жұмыс, тұрмысы төмен, жетім, аз қамтылған отбасы балаларына міндетті білім беру қорынан  материалдық көмек беру, кайырымдылық іс-шаралары негізінде көмек беру, тақырыптық жиналыстар өткізу,  ата-аналардың жауапкершіліктері мен міндеттері туралы түсінік, бағыт-бағдар беру оқушылардың демалыстары мен бос уақыттарын ұйымдастыру кезіндегі бірлесе атқарылатын шаралар туралы  көптеген жұмыстар жүргізіліп тұрады. «Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі», «Жеке бас гигиенасының сақталуы», Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытты бойынша тақырыптық отырыстар өткізілсе,  «Мектеп, оқушы және ата-ана ынтымақтастығы» , ата-аналардың қатысуымен түрлі тәрбиелік шаралар өтті. 5-7 сынып оқушылары мен ата-аналары   арасында  «Әкем, анам және мен» атты салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорттық шара өткізілді.  Жыл сайын мектебімізде оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық көлемде олимпиадалар, ғылыми жобалар, конкурстар, өнер жеңімпаздары, спорт жүлдегерлерімен бірге қорытынды ата-аналар жиналысы өткізіледі. Мектеп жұмысына белсене араласқан, бала тәрбиелеудегі озық үлгісі  үшін   көптеген ата-аналар салтанатты түрде мақтау грамоталарымен, алғыс хаттармен  марапатталды.  Және де «Оқырман мектеп» акция аясында «Менің отбасымның сүйікті кітабы» атты шараға 50 отбасы белсене қатысты.

«№10 ЖОББМ» КММ-де отбасылық құндылықтарды тәрбиелеудегі өткізілген іс-шаралар.

Қазіргі әлемде отбасын құндылық ретінде бекіту ерекше назарға алынуда. Бүгінгі таңда мектепте отбасына құндылық қатынасын тәрбиелеу басым педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады. Білім мазмұнын халықтың діни, рухани және адамгершілік байлығын құрайтын отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағыттау..

 Стандартта мектептердің адам мен қоғам өміріндегі отбасын білудің маңыздылығы, отбасылық өмірдің құндылығын қабылдау, отбасы мүшелеріне сенімді және қамқор болу атап өтіледі. 

"№10 ЖОББМ" КММ-де ұлттық отбасылық құндылықтарды дамыту мақсатында ,біздің оқушыларымызды ұлттық отбасылық құндылықтарға үйрету жұмысына  «Әжелер алқасы және 6әкеден тұратын «Әкелер алқасы   алуан жұмыстар атқаруда.Биылғы оқу жылында «Әжем-өнегем», «Әжелер сөзі-ақылдың көзі» атты бірлескен іс-шаралар, сондай-ақ «Менің әжем» бейнероликтер байқауы өтті. 


«Әжелер алқасы» ұстаздармен бірлесе отырып  төмендегі бағытта жұмыстар жүргізеді.

  1. Жауакершілік пен құрмет құндылықтарын сіңіру; (дөңгелек үстел, кездесулер, сайыстар)
  2. Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру; (видеороликтер тамашалау, әңгімелер өткізу.)
  3. Деңсаулыққа қатысты жобалар жүргізу. «Қызға қырық үйден тию» тақырыбындағы әңгімелер өткізу.



Мектебімізде «Әкелер алқасының» атқарылатын жұмыстарының бағыттары:

1.       Ерік, жігері еңбексүйгіштікке баулу.

2.       Әскери патриоттық шараларды ұйымдастыру және қатысу.

3.       «Тәртібі нашар» ұл балаларға тәлім тәрбие бере отыра тәлімгерлік қызметін атқару.

4.       Мектептегі спорттық шараларға қатысу.






6. Әлеуметтік дағдылары биік.

Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді,   айына бір рет 5-11 сыныптарда құқықтық оқу ұйымдастырылған. Соның ішінде ақпан айында «Жас Заңгерлер Достастығы» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Қылмыс» тақырыбында құқықтық семинар өткізілді.

Жол ережесін қатаң сақтау үлкен жауапкершілігі аталап етеді. «Бағдаршам әлемінде» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында ертеңгіліктер өткізілді. «Біз және көше» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. 

         2022-2023 оқу жылында жол ережесінің сақталуына байланысты мектеп мұғалімдерінен «Жаяулар өтпесінде» кезекшілік ұйымдастырылды. «Қауіпсіздік жас инспекторы» тобы бастауыш сыныптарға «Жол ережесін сақтаймыз» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді.



 

 Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында Әуезов П.Б жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторлар А. Досымханова  «Ұялы телефонды ұстау тәртібі», «Топтасқан түрдегі төбелес», «Көшеде жүру тәртібі», ҚРҚК-ң 194 бабы «Қорқытып алу» №188, №191 бабы «Ұрлық», «Тонау», «Жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу», «Әлеуметтік желі жүйесінде балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс оқыды. 

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер басқармасының экстремизмге қарсы күрес бөлімінің жіберген әдістемелік нұсқау хаты негізінде лаңкестік әрекеттерден алдын-алу қорғауға байланысты мектепте жылдық жоспар жасалынған. 

Семей қалалық Ішкі Істер басқармасының экстремизм мен терроризмге қарсы іс-әрекет бөлімінің аға өкілі М.Ажыханов, А. Асылханов мектеп ұжымымен, ата-аналармен, оқушылармен кездесу өткізіп, дүние жүзінде болып жатқан әртүрлі қарулы қақтығыстарға экстремизмнің әсер етуі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семейдің Қаз ИЗУ-ң «Жас заңгерлер достығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 10,11 сынып оқушыларына «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Діни секталардан сақ болу» тақырыптарында семинар өткізді. 


7. Оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген.

Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, ақпараттық өзара іс-қимылдағы этикалық нормалар мен құндылықты ұстанымдарын, ақпаратпен жұмыс істеудің функционалдық дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру, жаңа, жеке-маңызды білім алу негізінде білім беру процесінде балалар мен жастардың жеке ұстанымын жандандыру.

Мектебімізде зияткерлік сала бойынша төмендегідей бағыттар бойынша жұмыс атқарылуда:

- мүдделілік, тілек және ұмтылу:

- өмір бойы оқыту;

- өз бетінше білім алу және ақпаратты пайдалана білу;

- алынған ақпаратты сыни тұрғыдан ойлау, талдау және тиімді пайдалану қабілетін дамыту;

- зерттеу және жобалау іс-әрекетінің дағдыларын, инновацияға қабілеттілікті меңгеру;

- дискуссия жүргізу дағдылары;

- жасампаздық қызмет;

- командада жұмыс істеу, корпоративтік рухты нығайту.

 - әр түрлі ақпарат көздері;

- іздеу тәсілдері мен қажетті ақпаратты алу арналары;

- өз қызметінің түрлі салаларында алынған ақпарат;

- Интернет-қоғамдастыққа қосылу дәрежесі;

Іске асыру тетігі арқылы жүзеге асырылады: 

   Сабақтар, оқу пәндері, элективті курстар, үйірмелер және қызығушылықтары бойынша сабақтар, мектеп және желілік сабақтар, балалармен және жастармен бірлескен жобалар; сабақтан тыс жұмыстар,балалар және жастар бірлестіктеріндегі қызмет, әр түрлі деңгейдегі басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру. Зияткерлік ойындар, конкурстар,тренингтер,викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және құрдастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, хабарламалар, мектеп  медиа орталықтар, 

Биылғы 2022-2023 оқу жылында мектеп тарихында қаларлықтай Ғылым күніне арналған үлкен іс шара өтті. Мектеп директоры Б.О. Келдибаеваның бастамасымен жас ғалымдар шеруі қызыл кілемшеден өтіп, әр түрлі секция бойынша назар аударатындай оқушылардың ғылыми жұмыстары айрықша марапатпен бағаланды.


  




Қорытынды: 2022-2023 оқу жылында бекітілген тәрбие жоспарындағы «Толық адам» концепциясында белгіленген  шаралар толығымен орындалды. Сынып жетекшілер бірлестігінің отырыстары жоспарға сай өтті. «Балалар жылы» аясындағы жоспарланған шаралар жақсы деңгейде өткізілуде Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына, ата-ананың қамқорынсыз қалған оқушыларына, көпбалалы отбасында тәрбиеленушілеріне мемлекет тарапынан белгіленген және қамқорлық акциялар аясындағы әлеуметтік көмектер толығымен көрсетілді.. Қыз бала және ұл балалар тәрбиесіне арнайы ұлттық құндылықтарды дәріптелу жұмыстарын жандандыруды талап етеді.Алдағы   2023-2024 оқу жылында осы аталған тәрбиелік мазмұны мол бағыттарды жетілдіруді жоспарладық.

           Күшті жақтары.

Әлсіз жақтары .

1. 2022-2023ж «Толық адам» концепциясы бойынша бекітілген тәрбие жоспарындағы белгіленген 7 бағыттағы шаралар толығымен өткізілді.

2. Сынып жетекшілер бірлестігінің жұмысы жүйеленуі.

3. Семей қаласы ІІБ-де есепте кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық бойынша қойылған оқушы жок.

4. «Балалар жылы» аясында жоспарланған шаралар жақсы деңгейде өткізілді.

5. Әлеуметтік жағдайы төмен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасында тәрбиеленушілерге мемлекеттік сандарттар бойынша әлеуметтік көмектер толық көрсетілді.

6. «Сәтсіз» отбасылармен алдын-алу жұмыстары қанағаттанарлық деңгейде жүргізілді.

1. Оқушылардың киім үлгісінің ережелері сақталмауы.

2. Мектеп бойынша қыздар мен ұлдар кеңестері жұмысы жүргізілген жоқ.

3. Әкелер және аналар алқаларының жұмыстары жүйеге келтірілген жоқ.

Қауіптер.

Мүмкіндіктер

1. Ішкі тәртіп ережелерінің бұзылуы.

2. Қыз балаларға керекті ұлттық тәрбие құндылықтарын білмеуі.

3. Ата-аналармен байланыстың әлсіреуі.


1. «Ибалы» қыздар кеңесін құру.

2. «Жігер» ұлдар кеңесін құру.

3. «Әкелер алқасын» және «Аналар алқасының» жұмыстарын жоғары деңгейдегі жүйеге келтіру.

4. Мектептің бірыңғай киім үлгісінің ережесін сақталуын бақылау.


Мектеп асханасының жұмысына талдау.                                                                    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру ,сондай-ақ Мектепке дейінгі ұйымдарда ,балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығын басшылыққа ала отырып- 2018 жылғы 31 қазандағы ,,,№598 бұйрығына," отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі№ 198 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №198 бұйрығына 10-қосымша158 және Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 29 ақпандағы №167 қаулысымен, 2008 жылғы 25 қаңтардағы№64 қаулысымен, 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 Қаулысымен,ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы№ 302 бұйрығымен бекітілген.2021- 2022 жылдары тамақтандыру (ыстық, буфеттік, ата –ана төлемі есебінен) 2021 жылғы 1 қыркүйекте covid - 19 алдын алу шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды.Бөлінген бюджет қаражаты шегінде мектептің келесі оқушылары тегін тамақтандырылды:                                                                                                                                                 - Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.-69                                                                                                                                         -  Аз қамтылған-көп балалы отбасылардан шыққан балалар-57.                                                                                            -  Патронаттық тәрбиедегі балалар.-6                                                                                                                        -  АСП-28                                                                                                                                                                                                            2022-2023 оқу жылының басында стандарттың орындалуын бақылау жөніндегі комиссия құрамы бекітілді (№01.1-02/54/28 бұйрық), оған мыналар кірді :                                                                                                                            1.Келдибаева Б.О. -  мектеп директоры.                                                                                2.Махамбетова Г.М., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.                                                                                   3.Уркумбаева Ж...бас бухгалтер.                                                                                                               4.Зейнелғабиденова А. К., әлеуметтік педагог.                                                                                                   5.Ақылбаева А .Е., мектеп медбикесі.                                                                                                        6.Джартыбаева Д.Р., ата-аналар комитетінің төрайымы.                                                                 Комиссия оқушылардың барлық өтініштері мен құжаттарын қарап, мемлекеттік қызмет көрсету журналына тіркеді. Мектеп директорының бұйрығымен (№ бұйрық 01-1-02/54/22) тегін тамақтануды қажет ететін оқушылардың тізімі бекітілді .Оқу жылының басында барлығы 535 (бес жүз отыз бес теңге ) есебінен күнделікті бір реттік ыстық тамақпен 160 оқушы қамтылды. 

05.09.2022 ж .бастап оқушыларды ыстық тамақпен қамту пайызы 100% құрады. Өз есебінен 1-11 сыныптардың 900-і (89 %) және 159-ы (19%) "жалпыға міндетті білім беру" қорының қаражаты есебінен тамақтанады .Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі жыл бойы педагогикалық кеңесте (26.08.2022) және директор жанындағы кеңестерде қаралды . Және жалпы мектептік ата-аналар жиналысында. Мектеп асханасы өндірістік қызметті толық көлемде жүзеге асырады: 5 күн – мектептің жұмыс тәртібі бойынша . Алдын алу жағдайларына байланысты асхана өз қызметін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2022 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысының санитарлық ережелеріне сәйкес жүзеге асырды. Асхана барлық оқушыларды мектеп режиміне сәйкес толық ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Тамақтану сағаттары мектеп директоры бекіткен оқушылардың асханаға келу кестесіне (30% толымдылығы) сәйкес белгіленді .Оқу күні режимінде ылғалды жинау және желдету қарастырылған.                                                                                      Бас бухгалтер, Уркумбаева Ж.. оқу жылы бойы ай сайын үнемдеуді есептей отырып , тегін тамақтануға арналған қаражаттың жұмсалуын бақылайды ( балалар ауырған кезде ,метеожағдайлар және т.б.).Асханада қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың енгізілуіне байланысты карточкалық жүйе орнатылды/ "БанкЦентр кредит"компаниясымен шарт жасалды. Махамбетова Г, М ., мектептегі тамақтануға жауапты тұлға және әлеуметтік педагог Зейнелғабиденова.А.К. сынып бойынша тегін және ақылы алатын оқушыларды күнделікті есепке алуды жүргізді және Кунделик сайтының деректерімен салыстырылды.кз..күн сайын таңғы сағат тоғызға дейін оқушылардың сандық құрамы есепке алынды , содан кейін алдыңғы күннің алдын-ала тапсырыстарын беру жұмыстары жүйеге қойылды. Мектептің медицина қызметкері А .Е. Ақылбаева күн сайын азық-түлікті сақтау нормаларының сақталуын ,тағамның сапасы мен құнарлылығын бақылау бойынша жұмыс жүргізді ,сондай-ақ ол тамақтануды ұйымдастыруды ,оның ішінде келіп түсетін өнімдердің сапасын және дайын тағам дайындауды қадағалады. Келіп түсетін өнімнің сапасын бақылау үшін бракераж жүргізіледі және тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатының бракеражы журналында жазба жүргізілді . Дайын тамақ сынама алынғаннан кейін берілді .Тағам сапасын бағалауды оқу жылының басында құрылған бракераж комиссиясы жүргізді. Бракераж комиссиясы сондай-ақ ас блогының гигиеналық жай-күйіне, тағамдар ассортиментіне бақылау жүргізді. Бракераж нәтижесі "дайын өнімді бракераж журналында" тіркелді "Ермекбаева А.К." ЖК-мен / тендерге өткізілген конкурс нәтижесі бойынша/шарт 2022 жылғы 01 қыркүйектен 2023 жылғы желтоқсанға дейін жасалды , Осы 2022-2023 оқу жылында мектеп асханасының жұмысы барысында ата-аналар комитетімен бірлесіп мониторингтік комиссияның мектеп асханасының 3 аудиті өткізілді.

 


Қорытынды: Денсаулық-ұлттың болашағын қамтамасыз етудің аса маңызды мәселесі. Балалар мен жасөспірімдердің теңгерімді тамақтануы өнімділік пен өнімділікті , физикалық және ақыл-ой дамуын арттыруға көмектеседі, дененің бейімделу қабілетін арттырады , келесі өмір бойы адам денсаулығының қалыптасуы мен жағдайына айтарлықтай әсер етеді.  Осы оқу жылында ата-аналар тарапынан шағым болған жоқ.

"Білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды тегін тамақтандыруды ұсыну"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына және мектеп асханасының жұмысына 2022-2023 оқу жылындағы  SVOT - талдау.

           Күшті жақтары.

Әлсіз жақтары .

1.Шикі және дайын өнімді күнделікті бақылау.                                                             2.Бақылау және бракераждық журналдарды жүргізу.                                                              3.Мектеп асханасы жұмысының бірлескен аудиті.                                                          4.Бекітілген мәзірді сақтау.                                          5. Қызмет көрсететін персоналдың маскалары мен қолғаптарын кию.                6. Тағамдардың сапасының жоғарлығы.


Сынып жетекшілердің оқушыларды график бойынша асханаға әкелмеуі.

Қауіптер.       

Мүмкіндіктер               

Оқушылардың асханадағы жүру тәртібінің нашарлауы.

1.Тәуелсіз ата-аналар комиссиясын бекіту .                                                              2. Шикі өнімді сертификаттауды бақылауды күшейту.                                                             3.Дұрыс тамақтану бағдарламасын дамыту жұмысын жалғастыру.


Шалғайдағы елді мекендерінен оқушыларды тегін тасымалдауды ұсынуды талдау.                                                                                                                                        Басшылыққа ала отырып бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығына , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 "отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №ҚР ДСМ-98/2020 қаулысына және "covid коронавирустық инфекциясынан сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу шараларын күшейту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы- 2021 жылғы 15 сәуірдегі №5" Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында. Оқу басталғаннан бері шалғай елді мекендерде тұратын оқушыларға мониторинг жүргізілді. 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары ,маршрут сызбасы бекітілді . Күн сайын автобустың техникалық жағдайына және оқушылар мен автобус жүргізушісінің санитарлық ережелерді сақтауына бақылау жүргізілді. Күн сайын балаларды есепке алу және ережелердің сақталуын бақылау журналдары толтырылды. Мектеп оқушылардың денсаулық қауіпсіздігі бойынша іс - шараларды өткізу үшін қажетті нормативтік-құқықтық базамен, көрнекі үгітпен қамтамасыз етілген. 1-11 сынып оқушыларымен автобусқа отырғызу және түсіру ережелері туралы жүйелі түрде әңгімелер жүргізілді. Үнемі мектеп меңгерушісі қоректендіру және салқындату ,аккумуляторлар , шиналар ,салонның шыныларын үрлеу және жылыту жүйелерінің дайындалуын ,сүйреткіш арқандардың болуын бақылауды жүзеге асырды.

Медицина қызметкері А.Е. Ақылбаева кезең ішінде оқушылар мен автобус жүргізушісінің дене температурасын бақылауды жүзеге асырып, жүргізушіні рейс алдында рейстен кейінгі медициналық тексеруді жүргізді. Бұл 2022-2023 оқу жылында тематикалық сабақтар ЖЖЕ бойынша 1-11 кластар.Осы оқу жылының қыркүйек айында "Қауіпсіз автобус"республикалық акциясы өткізілді. Акция аясында 1-4 сынып оқушыларының сурет байқауы, 5-7 сынып оқушылары арасында жол қозғалысы ережелерін білуге арналған викторина өтті. Байқау жеңімпаздары мектеп сайтында жарияланды.

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік қызмет стандартын көрсету бойынша 2022-2023 оқу жылындағы SVOT-талдау.

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1.  Шалғай елді мекендерде тұратын балаларды 100% тегін тасымалдаумен қамту.                                                                  2. Тегін тасымалдауды қажет ететін оқушылардың мәліметтер банкін құру.                              3. Оқушылардың есебін күнделікті бақылау және сүйемелдеу.                                                                   4. Ата-аналар қауымдастығымен байланыс / шағымдар жоқ/.                                                                     5. Техникалық жағдайды бақылау.                                      6. ЖПҚ-мен бірлескен іс-шаралар өткізу.

1. Сынып жетекшілерінің оқушының жоқтығы туралы жауапты тұлғаны уақтылы хабардар етпеуі және оның себебін дер кезінде анықтауы.

Қауіптер.

Мүмкіндіктер

1. Уақытылы хабардар етпеу оқушылардың сабаққа қатысуын нашар бақылауға әкелуі мүмкін.                                                                                      2. Ата-аналар қауымдастығының наразылығы

1. Жауапты тұлғаны ақпараттандыруға бақылауды күшейту.


Мектеп директорының ТЖ орынбасары                   Махамбетова Г.М

Әкімшілік мүшелері

Администрация школы

КЕЛДИБАЕВА БАХТЫГУЛЬ ОМАРХАНОВНА
Директор
ТОКЫМТАЕВА АЛМАГУЛЬ РАМАЗАНОВНА
Директордың оқу-тәрбие ісі жөнінде орынбасары
БАПИШЕВА АЙГУЛЬ АСХАТОВНА
Директордың оқу-тәрбие ісі жөнінде орынбасары
ХАСАНОВА МАРЖАН АМАНГЕЛЬДИНОВНА
Директордың оқу-тәрбие ісі жөнінде орынбасары
КОЗЫБАЕВА АЙГЕРИМ ЕРМЕКОВНА
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
МАХАМБЕТОВА ГУЛЬНАРА МУРАТОВНА
Директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары
ТОКБУРИНА ТОҒЖАН БУГЫБАЕВНА
Директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары
ЗЕЙНЕЛҒАБИДЕНОВА АЙДАНА ҚАНАТБЕКОВНА
Әлеуметтік педагог
НАРИМАНОВА ГУЛЬДАНА АЙДАРБЕКОВНА
Ұйымдастырушы педогог
ТАЛТУСОВА ШЫНАР ЕРЖАНОВНА
Аға тәлімгер
БУРУГАЖИНОВА РЫСБИКЕ ЖОЛДАМБЕКОВНА
Заместитель директора по АХЧ
КАРАКИТАТОВ НУРЖАН АЛПЫСБАЕВИЧ
Завхоз
Алтынбекова Куралай Ахметовна
Бухгалтер
АХМЕТЖАНОВА АРАЙЛЫМ МАМАНОВНА
Менеджер по гос.закупу
Бахытбекова Арай Бахытбековна
Іс қағаз жүргізушісі
Куандыкова Айгуль Алатаевна
Зав. библиотекой
Боденова Надежда Викторовна
Библиотекарь
ФАДЕЕВА ТАТЬЯНА ВЛАДИМИРОВНА
Психолог-педагог
ШАКЕНОВА АЛТЫНГУЛ АРНАБЕКОВНА
Психолог-педагог