31
май
2023
"Мен-патриотпын"
31.05.2023 жылы мектебімізде 1-11 сыныптар арасында "Мен-патриотпын" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты-қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу, оқушыларды өз елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Тәрбие сағаты барысында оқушылар 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 1 минут үнсіздік жариялады. Тәрбие сағатының соңында сынып жетекшілері тарапынан оқушыларға оқу жылының аяқталуына байланысты жазғы демалыста қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқама жүргізілді. Сынып үздіктері мақтау қағаздарымен марапатталды.





