10
март
2023
"Кәсіптік бағдар беру күні"
Мектебімізде 10 наурыз — "Кәсіптік бағдар беру күні" аясында 7 "А" сыныбында "Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап, бірін ал!" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының өткізілу форматы "Айтуға оңай..." бағдарламасы түрінде болды. Бағдарламаның қонақтары — сан түрлі мамандық иелері оқушылардың өздері. Олар өзі таңдаған мамандық иесі ретінде киініп келіп, журналистпен сұхбаттасып, мамандықтың қыр-сыры туралы ой бөлісті, көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, өз өнерлерін де ортаға салды. Сынып жетекшісі Құсайын Меруерт Мұратқызы сынып сағаты соңында оқушыларға мамандық таңдау мәселесі – адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам екенін , мамандықты таңдау барысында жүрек қалауын да ескеру керектігін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.https://www.instagram.com/p/Cpm7oNhtobz/?utm_source=ig_web_copy_link