02
май
2023
«Ғылымның құпиясы – тұңғиық»
28.04.2023 жылы «№10 ЖОББМ» КММ-сінде «Ғылымның құпиясы – тұңғиық» атты ғылым күні өтті. Мақсаты: білім алушылардың зияткерлік шығармашылығын дамыту, оларды зерттеу қызметіне тарту, интеллектуалдық деңгейін көтеру. Салтанатты іс-шараның шымылдығы қазақтың ғұлама ақыны Абайдың, “Ғылым таппай мақтанба” өлеңімен ашылды. Мектеп директоры Б.О.Келдібаеваның құттықтау сөзінен кейін арнайы шақыртылған қонақтар Шәкәрім Университетінің ғылыми қызметі басқару бөлімінің жетекшісі Е.П.Евлампиева, халықаралық ынтымақтастық орталығының үйлестірушісі Е.Т.Байльдинов, Abay IT Valley жоба менеджері М.Марат мектеп оқушыларына жүрекжарды тілектерін білдірді. Салтанатты іс-шараның көркін жас ғалымдар шеруі көркейте түсті. Оларға даналықтың нышаны болған үкі бейнесіндегі төсбелгі тағылды. Ғылым күні аясында жоспарға сай “Ғылым-жаңа әлемнің бастауы” атты біріңғай сынып сағаттары өтіп, оқушылар қаламыздың жоғарғы оқу орындары даярлаған ғылыми павильондар мен көрмелерді тамашалады. Сынып жетекшілері мен Шәкәрім университетінің 4 курс студенттерінің қатысуымен фейл конференция өткізілді. 1-2 сынып оқушылары “Ғажайып ғарыш әлемі” макеттер көрмесі және 3-4 сыныптар “Ғылыми фантастикалық робот” роботтар көрмесін ұйымдастырды. 5-7 сыныптар “Ғылымға көңіл бөлсеңіз” тақырыбында анимация, ал 8-9 сыныптар “Қаныш Сәтпаев - алғашқы академик” тақырыбында видеороликтер жасап әлеуметтік желілерге жүктеді. 10-11 сыныптарда Курчатов қаласынандағы Қазақстандағы ядролық қоғамы жанындағы Атомдық технологиялар ақпараттық орталығынан келген ғылыми қызметкерлер дәріс оқыды.
Салтанатты лездеме секция жұмыстарымен жалғасты. Мектептің жас зерттеушілері өздерінің зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми жұмыстарын қорғап, үздіктер «Танымдық жоба», «Шығармашылық жоба», «Эрудит жоба», «Бірегей жоба», «Жаңашыл жоба», «Өңірдің дамуына көзқарас», «Ғылымға алғашқы қадам» номинациялары бойынша, ал ғылыми жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Биыл екінші рет өткізілген бұл бастамаға қатысқан оқушылар саны былтырғы жылға қарағанда 3 есе көп болғандығы, ғылымға қадам басушылардың көбейгендігі көз қуантады. Болашақта мектебімізде ғылымға қызығушылығы бар жас зерттеушілеріміз одан ары көбейеді деген сенімдеміз.