28
апрель
2023
"Ғылымның құпиясы-тұңғиық"
8.04.2023 жылы мектебімізде "Ғылымның құпиясы-тұңғиық" атты ғылым күнінде сынып жетекшілері мен Шәкәрім университетінің 4-курс студенттерінің қатысуымен фейл конференция өтті.Фейл конференция барысында мектеп психологтары тренинг ұйымдастырып,мұғалімнің оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынас психологиясы жөнінде өз ойларымен, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Сынып жетекшілері де өз кезегінде "Сынып активінің жұмысын ұйымдастыру", "Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруы", "Әлеуметтік желілердің жастарға тәуелді мінез-құлықты қалыптастыруға әсерін талдау" тақырыптары бойынша өз ойларымен, жұмыс барысында кездескен қиындықтар мен оны жеңу жолдарымен, сәтсіздіктері мен сәтті өткен тәжірибелерімен бөлісті. Фейл конференция соңында Шәкәрім университетінің 4-курс студенттері өндірістік тәжирибе барысында оқушылармен туындаған қиындықтар мен оны шешу жолдары туралы пікір білдірді. В.А.Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата- аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Осындай еркін пікір алмасу, тәжірибемен бөлісу форматындағы фейл конференциялар мектебімізде әлі де жалғасын таба береді.















