02
май
2023
«Облыстық инновациялық -әдістемелік орталық WorldSkills Abai» өнерлік чемпионатына қатысты.
9 «А» сынып оқушылары «Облыстық инновациялық -әдістемелік орталық WorldSkills Abai» өнерлік чемпионатына қатысты. «WorldSkills Abai» өңірлік чемпионаты барысында «Құрылыс колледжі» КМҚК мектеп оқушыларына арнап кәсіптік бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушылармен түрлі ойындар ойнатылып, белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Мамандықтар туралы толық ақпарат айтылып, чемпионат қатысушыларының жұмысымен таныстыру мақсатында шеберханаларға экскурсия ұйымдастырылды.
