24
май
2023
Жидебайға саяхат
Патриоттық тәрбие өлкенің,елдің тарихына,мәдениетіне негізделу керек,сонда оқушылар елін,жерін сүйетін,елжанды азамат болып өседі.«#10 ЖОББМ» КММ-сінің 7 “Б” оқушылары 2023 жылдың 14-мамырында Жидебайға саяхатқа барды. Бөрілідегі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің,Жидебайдағы ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының мұражайларында болды. Біздің ұлы жерлестеріміздің өмірі туралы деректерді қызыға тыңдап,олардың қолданған заттарын,тұрған үйлерін қызығушылықпен қарады.
