08
май
2023
“Біз — бейбіт елдің ұландары”
Бүгін мектебімізде 9 мамыр — Жеңіс күніне орай 8-11 сынып оқушылары арасында “Біз — бейбіт елдің ұландары” атты саптық қадам байқауы өтті. Оқушылар әскери үлгіде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туына сап түзеп, Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Саптық байқаудың мақсаты— ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының саптық жарғысындағы талаптарды оқушылардың АӘТД пәнінен саптық даярлық бағдарламасын игеру сапасын анықтау негізінде жүргізілді. Құттықтау сөз алған мектеп директоры Келдибаева Б.О. Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих, Егемен еліміздің ертеңі, текті, намысты ұрпақ екенін айтып саптық байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Саптық байқау нәтижесінде 1-орынды 9”А” сыныбы, 2-орынды 8”Ә” сыныбы, 3-орынды 11 “А” сыныбы иеленді. “Лучший взвод командирі” атағы бойынша 1-орынды 10”А” сынып оқушысы Матвеева Виктория, 2-орынды 8”Ә” сынып оқушысы Құмаров Мақсат, 3-орынды 11”А” сынып оқушысы Военмастер Тимур иеленді.https://www.instagram.com/reel/Cr2pEnEO-2l/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==