16
февраль
2023
"Ауған соғысында от кешкендер" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
15 ақпан-Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай мектебімізде "Ауған соғысында от кешкендер" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара қонағы— Ауған соғысының ардагері Тоқтар Жеңісқали Мырзабекович 7-9 сынып оқушыларымен сұхбаттасып, басынан кешкен қилы күндер жайында айтып берді. Дөңгелек үстелдің мақсаты—ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.Іс-шара барысында Ауған соғысы туралы баяндама жасалып, арнайы бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Әскери қызметке қызығушылығы бар оқушылар сұрақтарын қойып, жылы лебіздерін білдірді.Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да оқушыларға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.https://www.instagram.com/p/CouAvvBNaGM/?utm_source=ig_web_copy_link