БҰЙРЫҚ №01.1-02-2023/62/8
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы
білім бөлімінің «№ 10 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектептің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы
БҰЙРЫҚ №01.1-02-2023/62/8
Семей қаласы
«01» қыркүйек 2023 жыл
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Тиісті типтегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосыммша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығы негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
КІРІСПЕ
- Берілген ережелер Заңға сай, мектептің Жарғысы негізінде құрастырылған.
- Нақты ережелер оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар арасындағы тәртіпті реттейді, сонымен қатар олардың арасындағы қарым-қатынастың жалпы міндеттерін жүктейді.
- Негізгі ережелердің мақсаты:
- Оқу ісін, жұмыс тәртібін ұйымдастыруды жалпы әдістемемен қамтамасыз ету;
- Оқу процесін ұтымды ұйымдастыру;
- Жаңадан келген оқушылар үшін оқу процессін ұйымдастыру туралы мәлімет беру.
- Берілген ережелер мектептің барлық оқушыларына, ата-аналарына, ұстаздарына қатысты.
- Ішкі ережелердің тәртібі 4 тараудан тұрады.
І тарау. Оқу процесіне қатысушыларға арналған бірыңғай ережелер, мәдени тәртіпке қойылатын жалпы талаптар көрсетілген.
ІІ тарау. Мектеп оқушылары үшін ережелер көрсетіледі.
ІІІ тарау. Мектеп оқушыларының ата-аналары үшін ережелер белгіленеді.
ІV тарау. Мектептің педагогикалық ұжымының жұмысын жарнамалайтын ережелер берілген.
- Осы кірістірілген, баяндалған ережелерге байланысты келіспеушіліктер, сонымен қатар оқушылармен, ұстаздармен және ата-аналармен талас сұрақтар туындаса, мектеп директоры өзі жекелей шешеді немесе әкімшілік кеңесте шешім қабылданады.
- Берілген ережелер оқушыларға және олардың ата-аналарына сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы және әлеуметтік желілер, мектеп сайты арқылы жеткізіледі.
- Ережелер кеңседе сақталады, мектептің сайтында (10-semey.edu.kz) жарияланады және барлық оқушылар, ата-аналар, ұстаздар үшін қол жетімді.
І тарау
ЖҰМЫС КЕСТЕСІ. ЖАЛПЫ ТӘРТІП. ҚҰҚЫҚ.
- ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
- Мектеп аптасына 5 күн, екі ауысымда жұмыс жасайды.
- Мектеп демалыстары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің шешіміне сай жүргізіледі.
- Сыныптардағы оқу процесі 25 мамырды қоса алғанда директордың оқу ісі бойынша орынбасары құрастырған сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Сабақ кестесі директормен бекітіледі, кәсіподақ ұйымымен және қамқоршылық кеңесімен келісіледі.
- Мектеп сабақтары 2 ауысымда жүргізіледі. 1 ауысымдағы сабақ 8.00-де, 2 аусымдағы сабақ 14.00-де басталады. Сабақ 45 минут жүргізіледі, үзілістер 5 минут. Тамақ ішу кезіндегі үзіліс 2,4 сабақтан кейін 15 минут. Сабаққа 5 минут қалған уақытта 07:55 және 13:55 ескерту қоңырауы соғылады.
Қоңырау кестесі:
1- ауысым 2-ауысым
1-сабақ 08 00 – 08 45 1-сабақ 14 00 – 14 45
2-сабақ 08 50 – 09 35 2-сабақ 14 50 – 15 35
3-сабақ 09 50 – 10 35 3-сабақ 15 50 – 16 35
4-сабақ 10 40 – 11 25 4-сабақ 16 50 – 17 25
5-сабақ 11 40 – 12 25 5-сабақ 17 40 – 18 25
6-сабақ 12 30 – 13 15 6-сабақ 18 30 – 19 15
7-сабақ 13 20 -14 05
- Мектепте ақысыз негізде үйірмелер жұмыс жасайды.
- Мектеп сайтында мектептің жұмысына бағыт беретін ақпараттар жарияланады: мектепке қабылдау тәртібі, мектепішілік тәртіп ережелері, сабақ кестесі, мектептің байланыс құралдары.
- ЖАЛПЫ ТӘРТІП
1. Педагогтердің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №153 бұйрығы және «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленсін және тиісті типтегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтердің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимін айқындау тәртібімен белгіленсін.
2. Мектепті түнгі күзетшіден кезекші вахтер ғимаратты 07.00-де қабылдап алып, сағат 19.00-де күзетшіге тапсырады. Жауапты кезекші мұғалім мен кезекші оқушылар бірінші сабаққа 30 минут бұрын келеді. Кезекшілікті ұйымдастыру мектептегі кезекшілік туралы ережеге байланысты іске асырылады.
3. Мектепке оқушылар мен мұғалімдер сабаққа 15 минут қалғанда келеді.
4. Барлық оқушылар сырт киімдерін гардеробта қалдыруы міндетті.
5. Оқушылардың өз киімдерін алу мүмкіндігін гардеробшы қамтамасыз етеді. Оқушылар киімдерін үзіліс кезінде, сабақтан кейін мұғалім немесе кезекші әкімшіліктің көмегімен ғана ала алады.
6. Шешінетін орындарда ұрлыққа жол бермес үшін ақшалар және басқа да бағалы заттар қалдырылмайды. Жеке заттар жоғалған жағдайда ол туралы ізінше сынып жетекшісіне және мектеп әкімшілігіне хабарланады. Жоғалған бағалы заттарға (алтын бұйымдар, ұялы телефондар, т.б. ) мектеп әкімшілігі жауап бермейді (алгоритм ұсынылған).
7. Сабақ уақытындағы үзілістер оқушылар мен мұғалімдердің демалуына, тамақтануына, келесі сабаққа дайындалуына және т.б. қолданылады. Үзіліс кезінде кезекші мұғалімдер және оқушылар өз орындарын тәртіппен, тазалықпен қамтамасыз етеді. Техникалық құралдарды қосып, дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды. Қауіпсіздік ережесінің орындалуын қадағалайды.Техникалық құралдар қосылмаған жағдайда мектептегі арнайы мамандарға хабарласады.
8. Оқушылар және мұғалімдер мектеп асханасында тамақтана алады 8.40-тан 14.00-ға дейін бірінші ауысым, 14.00-ден 19.15-ке дейін екінші ауысым. «Әлеуметтік топқа» жататын және 1 - 4сынып мектеп оқушыларын мектеп асханасында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін бір мезгіл тамақ ұйымдастырылған.
9.Оқушылар асханаға мұғаліммен бірге келеді, өздерін тәртіпті, әдепті ұстайды, шуламайды. Тамақты рәсуалауға және лақтыруға, сонымен қатар асханадан шығаруға тыйым салынады.
10.Асханада оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды, тәртіптерін қадағалауды, асханадағы кезекші және асханаға оқушыларды әкелген мұғалім іске асырады.
11.Оқу үрдісі кезінде бөтен адамдарға, ата-аналарға әкімшіліктің келісімінсіз мектепке кіруге рұқсат етілмейді. Мектептің ғимараты және аумағына жіберу тәртібін бірінші посттағы вахтер іске асырады. Мектепке шақырылған қонақтар, ата-аналар жайлы мектеп әкімшілігі бірінші посттағы кезекшіге күні бұрын хабарлап отырады. Мектептің айналасындағы тәртіп қосымша периметр бойынша және қабаттардағы тәртіп видео бақылау және арнай күзет қызметкері арқылы жүзеге асырылады.
12.Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды гардеробқа шығарып салады. Мұғалім мектептен шықпас бұрын терезелерді, крандарды, техникалық құралдардың өшірілуін қадағалайды, тексереді, бөлмелер мен сараптама бөлмелерінің жарықтарын өшіреді.
13.Мектепте сабақтан кейін іс-шаларға, консультацияларға қатысатын оқушылар гардеробтан сыныптастырымен бірге өз киімдерін алуға құқылы. Осы ережелерді орындамаған жағдайда мектеп әкімшілігі оқушының заттары үшін жауап бермейді.
14.Оқушылардың мектеп ғимаратынан шығуын кезекші мұғалім, кезекші әкімшілік және бірінші постағы вахтер ұйымдастырады.
15.Сабақтан тыс іс-шаралар жоспар бойынша өткізіледі. Іс-шараларды ұйымдастырушылар гардеробшымен келісе отыра, іс-шараның өту орыны мен уақыты туралы кезекші әкімшілікке және бірінші посттағы кезекшіге хабарлайды. Сабақ уақытында және демалыс күндері іс-шараны ұйымдастырушылар оқушыларды мектептің фойесінде күтіп алып, іс-шаралар өтетін орынға шығарып салады.
16.Келушілерді қабылдау. Ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер және де басқа да қызығушылық танытқан адамдармен кездесуді реттеу мақсатында мектеп директоры және әкімшілік кеңесінің мүшелерімен қабылдау кестесі бекітіледі. Қабылдау кестесі хабарлама тақталарына ілінеді, мектептің сайтында жарияланады. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектептің 1-постында барлық келушілерге тіркеу жүргізіледі. Келуші өзін таныстырып, жеке куәлігін немесе паспортын көрсетуге міндетті. Кімге және қайда баратыны көрсетіліп журналға белгіленеді, уақыты көрсетіледі. Келуші сөмкесіндегі заттарын тексертіп, сырт киімін шешуі қажет. Келуші шыққандығы жөнінде кезекшіліктегі вахтерға ескертеді.
17.Мектепте ата-аналар жиналысы әкімшілік бекіткен кесте бойынша офлайн немесе онлайн режимінде өткізіледі. Жоспардан тыс іс-шаралар туралы сынып жетекшісі немесе пән мұғалімі кезекші әкімшілікке бір күн бұрын хабарлауға тиіс.
18.1900-ден 0730-ға дейін мектеп ғимараты және оның ауласы күзетшінің бақылауында болады.
19.Мектептің және оқушылардың аттестаттаудан өту кезеңінде келушілерді қабылдау шектеледі (жеке сұрақтар бойынша келушілер алдын ала хабарласады). Директордың ішкі бұйрығы шығарылады.
20.Қатаң есептегі құжатттарды беру және қатаң есептегі құжаттарды толтыру кезінде кеңседе және директордың қабылдау бөлмесінде өткізу режимі қатаң есептегі құжаттарды толтыру, тексеру сұрағына байланысты күшейтіледі.
- МӘДЕНИ ТӘРТІПТІҢ БІРЫҢҒАЙ НОРМАЛАРЫ
- Мектептегі оқушылар мен қызметкерлердің психологиялық және физикалық қауіпсіздігін, денсаулығын сақтауды мектеп қызметкерлері қамтамасыз етеді.
- Мектеп оқушылары, мұғалімдері, келушілер жалпы тәртіп ережелеріне сай өзара әдепті қарым-қатынаста болады.
- Бір-біріне физикалық және моральды түрде күш көрсетуге тыйым салынады және жазаланады. Жәбірленген оқушы мектептің кез-келген қызметкерінен көмек сұрауына, ал жәбірленген қызметкер мектеп әкімшілігінен көмек алуына құқылы.
- Оқушы басқа оқушыға күш көрсетіліп жатқанын көрген жағдайда, өзі араласпай мектеп қызметкерлеріне хабарлауға тиіс. Мұғалім, қызметкер болған жағдайға көңіл аударып, ізінше құқық қорғау құрылымдарының қызметшілерін шақыртуға міндетті.
- Мектепте мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға тыйым салынады:
- қоршаған орта үшін қауіпті жағдай тудыратын кез-келген іс-әрекет жасау;
- қарым-қатынасты анықтау үшін қорқыту, ақша талап ету;
- суық қару, шприцтер, пиротехникалар, ішімдік сусындар, нашақорлық заттарды әкелу, бір-біріне беру немесе қолдану;
- дөрекі сөздерді қолданбау;
- ғимараттың ішінде, ауласында темекі шекпеу;
- сабақ уақытында ұялы телефонды, басқа да электрониканы қолданбау; мұндай заттар (телефон, плеер т.б.) сабақ уақытында партаның үстінде жатпауға тиіс;
- мұғалімнің, мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз мектепке аудио және видео түсірілімдер жасауға болмайды;
- карта, азарттық ойындар ойнамау;
- төтенше жағдай қажет болмағанда, эвакуациялық баспалдаққа шықпау, есіктерді ашпау;
- негізгі мектептің оқушыларына үзіліс және сабақ уақытында мектеп ауласынан шықпау.
- Талаптар орындалмаған жағдайда мұғалім, мектеп әкімшілігі жоғарыда көрсетілген заттарды (ұялы телефон, плеер т.б.) сақтауға алып қоюға құқылы. Сақтауға алынған заттар ата-аналарға немесе қамқоршыларына беріледі.
- Сыныптан тыс іс-шаралар өтіп жатқан жағдайда залдан шығуға немесе кіруге, олардың өтілуіне сөзбен, ескертпелермен, қозғалыспен кедергі келтіруге рұқсат етілмейді.
- Мектептің әрбір оқушысы және қызметкері мектеп ауласындағы қауіпсіздікті сақтап, жоспарланған сыныптан тыс іс-шаралар өтіп жатқанда жолда жүру ережесінің талаптарын қатаң орындайды.
- Мектеп ауласында оқушылар мен қызметкерлердің өміріне қауіп төндіретін жағдайларды ескерту үшін, мектеп әкімшілігі заңмен қарастырылған және жеке тұлғаны қорғау туралы заңның талаптарын ескере отыра, бақылау жүйелерін қолданады.
Сырт пішінге қойылатын талаптар
- Оқушының сырт пішіні оқу үрдісінің мақсатына сай болуы тиіс. Оқушылар мен мұғалімдер іскерлік стильде киінеді. Күнделікті іскерлік стиль – бұл классикалық стильдегі немесе қазіргі талапқа сай тігілген киімдер:
- Қыз балалар үшін:
Күрте, кеудеше, тізеге дейін қара-көк түсті юбка және классикалық үлгідегі жейде (қысқы кезеңде: тоқылған кеудеше, сарафан, қара-көк түсті кеудеше, еркін пішімдегі және ұзындығы аяқ тобығын жауып тұратын қара-көк түсті шалбар), күңгірт түсті аяқ киім, өкше биіктігі 5-6 см биік болмау тиіс;
- Ұл балалар үшін:
Күрте, кеудеше, классикалық үлгідегі қара-көк түсті шалбар, классикалық үлгідегі жейде (қысқы кезеңде: тоқылған кеудеше, қара-көк түсті кеудеше, еркін пішімдегі және ұзындығы аяқ тобығын жауып тұратын қара-көк түсті шалбар).
- Ұлдар мен қыздар үшін салтанатты форма ақ түсті жейдемен толықтырылған күнделікті формадан тұрады.
- Іскерлік стильге жатпайтындар:
- спорттық киімдер, футболкалар, қысқа кеудешелер, ашық өңірлі жейделер;
- джинсылар, шалбарлар, қысқа белдемшелер, тізеден 10 см жоғары белдемшелер, т.б.;
- селдір, түрлі-түсті киімдер т.б.;
- аксессуарлар: оқушыларға қарапайым алқалар мен косметикалар, түссіз лакпен боялған қысқа тырнақтар;
- қыздардың ұзын шаштары өріліп, орташа ұзындықтағы шаштар – шаш қыстырғышпен жиналу керек; ұлдар мен жасөспірімдердің шаштары – классикалық шаш қию үлгісіне сай болуы қажет. Әдеттен тыс ерекше (экстравагантты) шаш қию үлгісіне, шашты жарқын, жасанды реңктерге бояуға тыйым салынады.
- Дене шынықтыру сабақтарында және сыныптан тыс спорттық іс-шаралар өткізген уақытта оқушылар спорттық киімдер киюге міндетті: спорттық костюм (футболка, спорттық шалбар) және спорттық аяқ киім (кроссовка, кеды).
- Сыныптан тыс іс-шараларды өткізген уақытта оқушыларға өз қалауынша киім стилін таңдауына болады.
- Мектеп формасына түрлі конфессиялардың діни қатыстылығына қарай киім элементтерін қосуға жол берілмейді.
- Мектеп формасына қойылатын талаптарға сай мектеп ғимаратында кез-келген бас киім (орамал, шәрпі, хиджап, кимешек, бейсболка, кепке, қалпақ, шалма) киіп жүруге тыйым салынады.
- ОҚУ ҮРДІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ҚҰҚЫҚТАРЫ:
Барлық оқу үрдісіне қатысушылар (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар) құқылы:
- Мектептің оқу-тәрбие ісіне қатысты ақпараттарына мүмкіндік алуға, барлық өзгерістер жайында дер кезінде ақпараттар алуға құқылы; Ақпараттар мектептің сайтында жарияланады, оқушыларға сабақта, сынып сағаттарында, ата-аналарға ата-аналар жиналысында айтылады; мұғалімдерге кеңестер арқылы беріледі.
- Қажет болған жағдайда берілетін қосымша көмек.
Оқушылар оқу бағдарламасымен қарастырылған материалды түсіну үшін, мұғалімдер бекіткен кесте бойынша жүргізілетін консультацияларда; электронды оқыту жүйесі арқылы, ал ата-аналар және мұғалімдер әкімшілік бекіткен қабылдау сағаттарында мәліметтер ала алады.
- Іс-әрекеттің обьективті және нақтыланған бағасы.
Оқушылар мен ата-аналар мектепті жүйелі бағалау, анкеталық сұрақтар арқылы мұғалімдерге оқу жылының соңында аналитикалық талдау жасай отырып, нақты бағасын береді.
- Мектеп қызметкерлері және ата-аналар оқушыларды жәбір көруден сақтайды.
- Денсаулықты қорғауға: оқу орындарында және қауіпсіздік жағдайларда санитарлық нормаларды сақтау; жұмыс жүктемесінің нормаларын анықтау.
Оқушылардың апталық оқу жүктемесінің және бір күндік бақылау жұмыстарының нормалары сақталған.
- Уақытында ескертілген болса, нақты себеппен жұмыстан, оқудан босатылады. Оқушылар, ата-аналар бұл жайында сынып жетекшісінен, мұғалімнен, мектеп сайты арқылы ақпарат алады. Мұғалімдер өз орнына уақытша сабақ беретін мұғалім туралы мектеп әкімшілігіне ескертеді.
- Сабақтан тыс бос уақытын кезекшілік міндеті болмаса сабақ арасындағы үзілісте пайдаланады.
- Қоғамдық ұйымдар және мектептің өзін-өзі басқару жұмыстарына қатысады. Мектептің оқу-тәрбие процесіндегі мәселелерді шешуге, оның жұмысын жақсартуға оқушылар кеңесінде, әкелер – әкелер кеңесінде, ана-аналар – ата-аналар кеңесінде, мұғалімдер – мұғалімдер кеңесінде өз пікірлерін айта алады.
- Мектеп оқушылары және ата-аналарымен жыл сайын сауалнама жүргізе отырып, аналитикалық талдау барысында өз пікірлерін айта алады.
ІІ тарау
ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ
- НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
Мектеп оқушылары Қазақстан Республикасының Заңнамалары актілерін орындауға міндетті, сонымен қатар:
- Үнемі сабаққа қатысады, өз мүмкіндігінше оқиды, дамиды. Сабаққа қатыспаған жағдайда электронды журналда өзінің сабаққа қатыспағандығын дәлелдейтін құқықтық анықтамасы көрсетіледі.
- Сабаққа қатыспаған жағдайда оқушы өз бетімен оқу материалдарын талдап, электронды журналдан ақпараттарды оқып, сабаққа дайындалады. Егерде қандайда бір жағдаяттар туындаса, кесте бойынша бекітілген консультацияларда мұғалімнен көмек сұрай алады.
- Оқушы сабақта мұғалім белгілеген орында отырады. Оқушы үй тапсырмасын орындамағандығы туралы, егер нақты дәлелі болса, мұғалімге сабақтан бұрын хабарлайды. Оқушы мұғалімнің берген үй тапсырмасын күнделікке жазуға міндетті.
- Мектепте өткізілетін іс-шараларға және сабақтарға кешікпеуге міндетті. Ескерту қоңырауы соғылғаннан кейін оқушы сыныпқа кіріп сабаққа дайындалады, ал екінші қоңырау соғылғанда, ол сабаққа дайын болуы керек. Егер оқушы сабаққа кешігіп қалса, себебін түсіндіріп, мұғалімнің рұқсатымен ғана өз орнына отырады.
- Сабақта пән мұғалімінің талаптарын орындайды. Сабақ тәртібін сақтап, сабаққа қажетті барлық оқу құралдарын дайындайды. Оқушыларға сабақ барысында басқа нәрсемен айналысуға, мұғалімнің рұқсатынсыз басқа орнынға отыруға, өз орнынан тұрып сыныптан шығып кетуге қатаң тыйым салынады.
- Сабақ аяқталмас бұрын мектептен шығуға сынып жетекшісінен немесе кезекші әкімшіліктен рұқсат алады. Оның себебі, баланың ауырып қалуы, ата-анасының анықтамасы, басқа мемлекеттік мекемеге шақырылуы және де т.б. болып табылады.
- Мектеп ғимаратындағы құрал жабдықтарға, оқулықтарға, оқу құралдарына мұқият қарайды. Мектеп мүлкіне зиян келтірген жағдайда, оқушы және ата-анасы қойылған тәртіп бойынша мүліктің бағасын өтейді.
- Мектептен алған оқулықтары мен басқа да оқу құралдарын оқу жылының соңында немесе мектептен кетіп жатқан жағдайда тапсырады.
- Мектептің ішінде және оның аумағында тәртіп пен тазалықты сақтайды, гимназия және сыныптағы кезекшілікті ұқыпты орындайды.
- Жас ерекшеліктеріне қарай мектепішілік еңбекке, мектептің және сыныптың ұжымдық еңбектеріне қатысады.
- Өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.
- ОҚУШЫЛАРҒА ӘСЕР ЕТУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ШАРАЛАРЫ
Берілген тарау мектеп оқушыларына әсер ету және қолдау шараларын реттейді, оқушы құқықтары мен міндеттерін орындауына байланысты мадақталып отырады.
- Төменде берілген шаралардың ықпалдары:
- мектепте жұмыла жемісті еңбек жасау үшін қолайлы жағдай жасау;
- оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай жасау;
- ішкі тәртіптің ережелерін орындауға және саналы тәртіпке негізделген мектеп тәртібін қолдау;
- мектепте қауіп-қатер төндіретін жағдай туындағанда ескерту.
- Оқушы үздік оқығаны және пән олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болғаны үшін, спорттық жарыстарға, оқу және шығармашылық сайыстарға, мектепте қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін келесі марапаттамалар беріледі:
- қорытынды бақылау жұмысынан, сынақ тапсырудан мұғалімнің рұқсатымен босатылады;
- мектеп бұйрығы бойынша оқушыларға, барлық ұжым мүшелеріне, ата-аналарға хабарлай отыра алғыс жариялайды;
- алғыс хат және мадақтамамен марапатталады;
- директордың қатысуымен салтанатты жиынға шақырылып, бағалы сыйлықтар беріледі;
- ата-аналарды алғыс хатпен марапаттайды.
- Мектепте оқушыларға келесі қолдау шаралары көрсетіледі:
- жеке консультациялар өткізіледі;
- дамыту сұхбаттары жүргізіледі;
- алдағы жұмыста келісімге жету мақсатында үшінші жақтың көмегімен мәселе шешіледі;
- тоқсанға жеке жұмыс жоспары құрастырылады;
- жеке оқу бағдарламасы қолданылады;
- мектеп үйірмелеріндегі сабақтармен қамтамасыз етіледі;
- мамандардың көмегін қолдану, оқушыларға көмек көрсететін мамандарды тағайындау.
- Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда оқушыға қатысты мектепте келесі шаралар қолданылады:
- оқушыға жеке ауызша ескерту;
- күнделікке ескерту жазу/ элетрондық журналға енгізу;
- сынып жетекшісі және пән мұғалімі оқушының ата-анасымен баланың тәртібін талқылайды;
- сабақтан соң кесте бойынша бекітілген консультацияға немесе белгіленген жұмысты атқаруға қалуға міндетті;
- әкімшілік оқушымен жеке сұхбат жүргізеді (қажет жағдайда ата-ананың қатысуымен), оқушының қол қоюы арқылы келісімге келу;
- жағдайды ұжымдық талқылау және тиімді түрде шешу жолдарын табу үшін педагогикалық консилиум құру;
- оқушыға алдағы қолданылатын шаралар туралы жазбаша ескерту (мектептен шығару);
- директордың бұйрығы бойынша жазбаша ескерту жасау;
- оқушының қатысуымен оның тәртібін педагогикалық кеңесте немесе құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы қоғамдық кеңесте талқылайды;
- ата-ананың және оқушының келісімімен мектептің қоғамдық пайдалы жұмысына араластыру;
- сыныптан тыс іс-шараларға қатысуға және сапарға шығуға уақытша тыйым салынады.
- Бекітілген жұмыс жоспары және мектеп бағдарламасына сай мұғалімдердің талабына сай осы оқу кезеңін нәтижелі аяқтауға міндетті.
- Жоғары тұрған органдардың әрекеттесуімен,педагогикалық кеңестің шешімімен 10-11 сынып оқушылары мектептен шығарылуы мүмкін. Оған негіз болатындар:
- ішкі тәртіптің ережелерін бұзғаны жөнінде бірнеше жазбаша тіркелген тәртіп бұзушылық;
- көптеген себепсіз босатылған сабақтар.
- Директордың бұйрығы бойынша оқушы бір дөрекі қылығы үшін мектептен шығарылуы мүмкін.
ІІІ тарау
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ
- ЖАЛПЫ БІЛІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ШАРАЛАР
Берілген шаралар Заңның негізінде (заңға сүйену) мемлекеттік білім беру бағдарламасының аясында тегін білім алуға құқылы етеді.
- Ата-ана мектеп жасындағы баланың үйде және мектепте оқуына қолайлы жағдай жасай отыра, оның дамуына мүмкіндік беруге міндетті.
- Ата-ана мектепке өзінің мекен-жайы туралы хабарлайды және оның өзгергені жайлы алдын-ала ескертеді.
- Ата-ана оқу процесін реттейтін негізгі құжаттармен, мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныса отыра, өзінің тәрбиелік күш жігерін бала тәрбиесіне жұмсайды.
- Ата-ана мектеппен қарым-қатынасын келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырады:
- ата-аналар жиналысына қатысу;
- күнделікті оқушының білімін күнделігі және электронды журнал арқылы қадағалап отыру;
- мұғалімдердің жазбаша ескертулеріне уақытында көңіл бөлу;
- сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерімен кездесу;
- жеке сұхбаттардың барысындағы келісімдерді орындау.
- Ата-ана баланың сабаққа қатыспайтындығы туралы, себебін көрсете отыра, электронды журнал арқылы (тіпті болмаса күнделік арқылы) бірінші күні хабарлауға міндетті. Жоспарлы түрде сабақ босатылатын болса, мысалы дәрігердің қабылдауына бару, алдын-ала күнін және себебін көрсетіп хабарлама жазып жіберу керек.
- Оқу процесінде сабақты босату себептері мынадай:
- оқушының ауырып қалуы;
- ерекше ауа райы жағдайы (негізі: министрліктің шешімі);
- мектеп оқушыларының жарыстар, сайыстар, олимпиадалар, жобаларға қатысуы;
- маңызды-төтенше отбасылық жағдайлар.
- АТА-АНАЛАРҒА ӘСЕР ЕТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ
- Ата-аналар мұғалімдерден қосымша ақпараттар алуға құқылы, қойылған бағалар, оқушының үлгерімі және балаға қиындық тудыратын жайттар туралы жеке консультациялар арқылы түсініктеме алады, мектепте қалыптасқан дамытушылық сұхбаттарына және басқа да ақпараттық каналдарға қатыса алады.
- Егер ата-ана 1-бөлімде көрсетілген міндеттерді атқармаса, мектеп баланың құқығын қорғау үшін шаралар қолданады.
- Егер де балаға берілген анықтамада көрсетілген себептерге күдіктенетін болса және оқушы сабақты көп босатқан жағдайда, мектеп қызметкерлері ата-анасынан қосымша түсініктеме талап етуге немесе оқушының мекен-жайы бойынша жоғары басқару бөлімінен көмек сұрауға құқылы.
- Егер ата-ана оқушының сабаққа қатыспайтыны жайлы хабарламаған болса және оның себебін анықтау мүмкін емес жағдайда, мектеп екінші күні оқушының мекен-жайы бойынша жоғары басқару бөліміне хабарлайды.
ІV тарау
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН РЕГЛАМЕНТТАУ
- НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
- Барлық мұғалімдер жылына бір рет медициналық тексерістерден өтіп, анықтамасын әкеледі.
- Оқушының физикалық мүмкіншіліктерін және қабілетін ескере отыра, мұғалім оның өз пәні бойынша ойдағыдай білім алуына қолайлы жағдай жасайды.
- Мұғалім бекітілген сабақ кестесі бойынша жұмыс атқарады, жеке себептерге байланысты жұмысқа шыға алмаса, ол жайында дереу мектеп әкімшілігіне хабарлайды.
- Жұмысқа жарамсыздығы жөнінде парақша ашылған болса, ол жайында жұмыс күні басталмас бұрын өз орнына сабақ беретін мұғалімге хабарлайды, жұмысқа шығар алдында да ескертуі тиіс.
- Басқа мұғалімнің орнына сабақ беру мектепішілік бұйрық бойынша сол пән мұғалімімен жүзеге асырылады, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда басқа пән мұғалімі сабақ береді.
- Сабақты алмаса беру жайында электрондық журнал, инфопапка арқылы немесе қабылдау бөліміне хабарлайды.
- Мұғалім сабақты екінші қоңыраудан кейін бастауы керек. Мұғалім сабақ барысында сабаққа қатыспаған және кешіккен оқушыларды, балалардың сабаққа деген даярлығын бақылайды. Мұғалім сабақ барысында оқушылардың тәртібін және мектеп мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді, оқу бөлмесіндегі санитарлық жағдайдың сақталуын назарда ұстайды. Мектеп мүлкі жоғалған жағдайда, ізінше сынып жетекшісіне және жазбаша түрде мектеп басшысына хабарлайды.
- Мұғалім сабақ уақытын оқу-тәрбие жұмысына максимальді жұмсайды. Мұғалім сабақ барысында оқушыны сабақтан шығарып жібере алмайды немесе ұялы телефонмен байланыс жасауына рұқсат етпейді. Оқушының сабақтан шығуына төтенше жағдайларда ғана рұқсат беріледі.
- Оқушылардың бағалары электрондық журналда (kundelik.kz) қойылып отырады. Мұғалім электрондық журналда формативтік бағалауды, оқушылардың БЖБ және ТЖБ алған балдарын уақытылы толтырады (келесі күнгі сағат 14:00-ге дейін).
- Мұғалім қоңырау соғылысымен сабақты аяқтайды, оқушыларға сыныптан шығуға рұқсат береді.
- Мұғалімдер үзіліс кезінде барлық оқушылардан әдепті, тәртіпті талап етеді. Директормен бекітілген кестеге сай және кезекшілік туралы мектепішілік бұйрық бойынша кезекшілік жүргізіледі.
- Түскі үзіліс кезінде пән мұғалімі сабақ аяқталған соң, оқушыларды асханаға енгізіп, олардың тәртібін қадағалайды немесе қабатта кезекшілік етеді.
- Соңғы сабақ өткізген мұғалім оқушыларды гардеробқа шығарып салады.
- Сабақтан тыс уақытта қажетіне қарай мұғалім консультациялар немесе қосымша сабақтар өткізеді.
- Қажетіне қарай пән мұғалімі мектепішілік және сыныпта өткізілетін ата-аналар жиналысына қатысады.
- Барлық педагогикалық ұжым сабақтың алдында және жұмыстың соңында электрондық журнал немесе басқа да мектептің ақпараттық жүйелері арқылы әкімшілік берген жүктемелермен танысады. Ол барлық өндірістік кеңестерге, педагогикалық кеңестің жұмысына қатысады.
- Оқушыларға және де бөтен адамдарға, кеңестер мен педагогикалық кеңестерде талқыланатын конфиденциалдық ақпараттарды хабарлауға тыйым салынады.
- Мұғалімнің жұмыс күні оның жұмыс кестесімен нақтыланады. Мұғалімнің атқаратын жұмыстары:
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құқылық актілерімен, мектептің ішкі құжаттарымен танысу;
- мектеп құжаттарын дұрыс толтыру (электронды журнал, аналитикалық есеп, қозғалыс кітаптары, оқушы билеттері т.б.);
- оқу бағдарламаларын, оқу материалдарын құрастыру;
- жас мамандармен сабақ жоспарларын құрастыру;
- мезгілімен жұмыс жоспарларын, бақылау жұмыстарының кестесін құрастыру және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына көрсету (мерзімділігін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары анықтайды);
- сабақтарға дайындалу, өзара сабақтарға қатысады;
- дәптерлерді тексеру;
- бақылау жұмыстарын құрастыру, тексеру және талдау жасау;
- консультациялар ұйымдастыру (бекітілген кесте бойынша), сонымен қатар емтихандарға дайындалу, емтихандар қабылдау;
- кезекшілік жұмысын атқару;
- сыныптан тыс іс-шаралар (саяхаттар, экскурсиялар, мектепішілік іс-шаралар, ата-аналар жиналысы және т.б.);
- педагогикалық кеңестерге, жұмыс жиылыстарына, пәндік секцияларға қатысу;
- өз білімін жетілдіру (сонымен қатар өз білімін жетілдіру курсы);
- сабақ аяқталған соң ағымдағы күні электрондық күнделікті (kundelik.kz) толтыру.
- МҰҒАЛІМДЕРГЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ.
Берілген шаралар мектеп мұғалімдері жұмыстарының тиімділігін арттыру, орындаушылық тәртіпті жоғарылату, мектепішілік іс-әрекетіне ынталандыру мақсатында қолданылады.
Қызметкерлерді мадақтау.
- Еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, жоғары нәтижеге жеткені, көп жылғы еңбегі, мерзімнен тыс жұмыс жасағаны, мектеп жұмысына жаңашылықтар енгізгені, рейтинг қорытындысы және т.б. жетістіктері үшін келесі мадақтаулар беріледі:
- Ұстаздарды мұғалімдердің, ата-аналардың жиналысында, директордың салтанатты қабылдауында, халық алдында марапаттайды;
- Бұйрық бойынша алғыс жариялау;
- Грамота, дипломмен марапаттау;
- Мұғалімнің келісімімен облыстық, республикалық сайыстарға ұсыну;
- Мұғалімнің келісімімен облыстық, республикалық деңгейдегі жауапты іс-шараларға ұсыну;
- Өз тәжірибесін жинақтауға, басылымдарын дайындауға немесе дидактикалық көрнекіліктерді басып шығаруға көмектесу;
- Мұғалімнің келісімімен авторлық бағдарламаны құрастыруға және бекітуге көмектесу,
- Күнтізбелік жылдың соңында жыл қорытындысы бойынша үнемделген қаражат есебінен сыйақы алады;
- Мемлекеттік атақтарды алуға өтініш беру;
- Өз білімін жетілдіру дәрежелі курстарына жолдама алу, мұғалімнің сұранысы бойынша дамыту курстарына жіберу;
- Бағалы, ақшалай сыйлық;
- Демалыс уақытындағы қосымша демалыс күндері.
- Мадақтаудың материалдық қорын және мадақтаудың түрін әкімшілік немесе директордың қатысуымен құрылған әкімшілік мүшелері, мұғалімдер кеңесі, қамқоршылар кеңесі, кәсіподақ кеңесі тағайындайды.
- Материалдық көтерме берілетін мұғалімдер:
- Оқу-тәрбие процесіндегі жоғары деңгейдегі нәтижелері үшін (мемлекеттік емтихандар, деңгейлік жұмыстар, нәтиже динамикасы, оқу процесіндегі бірқалыпты жоғарғы көрсеткіштер);
- Оқушылардың пәндік олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар, ғылыми жобалар, мектепішілік жобалар және сайыстардағы жоғарғы көрсеткіштері үшін;
- Оқушылардың спорттық және шығармашылық жетістіктері, сонымен бірге сабақтан және мектептен тыс іс-шаралардағы жоғарғы көрсеткіштері үшін;
- Мұғалімдердің авторлық бағдарламаларды құрастыруы және енгізуі, ғылыми зерттеушілік, ғылыми әдістемелік, экспериментальдық жұмыстардағы жоғарғы нәтижелері және көрнекті сабақтары үшін;
- Қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін;