26
май
2023
Педагогикалық кеңес
2023 жылдың 26 мамырында мектебімізде №5 педагогикалық кеңес болып өтті. Күн тәртібі бойынша 2022-2023 оқу жылының қорытындысы, 1-8, 10 сынып оқушыларын мақтау қағазымен марапаттау, сыныптан сыныпқа көшіру. 9, 11 сынып оқушыларын қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберу туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Токымтаева хабарлама жасады. Мектебімізде екінші жыл қатар өткізілген педагогтердің кәсіби құзіреттілігін анықтауда 2022-2023 оқу жылының рейтинг қорытындысымен директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары А.Козыбаева таныстырды. Рейтинг қорытындысы бойынша «Үздік бастауыш сынып ұстазы-2023» - Баисова Жулдыз Мукашевна, «Үздік ұстаз-2023» - Есенова Шынар Жолдыбаевна, «Үздік сынып жетекші» - Журтбаева Рахима Алдабергеновна, «Өз ісінің үздігі» номинациясымен Азубаева Камшат Айдаровна марапатталды. «Ұлағатты ұстаз» - Алпысбаева Кульпан Кайрбековна, «Жаңашыл ұстаз» - Рыжова Ирина Александровна, «Тәжірибелі ұстаз» - Азимбаева Назира Манауовна, «Ізденімпаз ұстаз» номинацияларын Капас Аяулым Бауыржанкызы иеленді. Сонымен қатар 10 үздік ұстаз анықталды. Жеңімпаз ұстаздарды мектеп директоры Б.Келдибаева мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Мектеп кәсіподағы төрайымы А.Шаяхметова да бұл іс-шараға атсалысып, жетістікке жеткен ұстаздарға сыйлықтар берді.
Жалпы рейтингтік жүйені енгізу арқылы биыл олимпиада жеңімпаздарының да саны артқанын байқауға болады. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдердің облыстық деңгейдегі әртүрлі конкурстар мен жарыстарға қатысу саны да артып келеді.






Жалпы рейтингтік жүйені енгізу арқылы биыл олимпиада жеңімпаздарының да саны артқанын байқауға болады. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдердің облыстық деңгейдегі әртүрлі конкурстар мен жарыстарға қатысу саны да артып келеді.







