23
январь
2023
“Рақмет, саған әліппе!” атты ертеңгілік өткізіп
20 қаңтар күні мектебімізде 1 «А» сынып оқушылары“Рақмет, саған әліппе!” атты ертеңгілік өткізіп, әліппемен қоштасты. Олардың ертеңгілігіне ата-аналары, ата-әжелері, мектеп әкімшілігі мен ұстаздары қонаққа келіп, жас балғындардың білімі мен өнерін тамашалады. Балалар ән шырқап, би билеп, жатқа өлең оқып, ертеңгіліктің ажарын ашты. Олар әріптерден сөз құрап, түрлі сұрақтарға жауап беріп, білімін ортаға салды.
Ата-аналар риза болып, ұстазға игі тілектерін айтып, алғысын жаудырды.
Ата-аналар риза болып, ұстазға игі тілектерін айтып, алғысын жаудырды.
