30
сентябрь
2022
Мұхтар әуезов 125 жыл
28 қыркүйек күні түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы, қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің дүниеге келгеніне 125 жыл толды. Осыған орай мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Алпысбаева К.К., Бутабаева А.Б., Наранчукова А.К., Кадырова У.Т. ұйымдастыруымен 6-11 орыс және қазақ сыныптарының қатысуымен "Әлем таныған Әуезов" тақырыбында біркүндік іс-шара өтті.Тағылымды іс-шара Мұхтар Әуезовтің әлемдік өркениет пен адамзат ақыл-ойындағы орны мен рөлін айқындау, қазақ және әлем әдебиетінің әдеби байланысын нығайту, қазақ әдебиетінің даму үрдістерінің тарих және бүгінін саралау, қаламгер мұрасындағы Алаш парадигмасы, жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген озық идеаларын насихаттауға арналды. Оқушылар М.Әуезовтің өмірбаяны мен шығармашылығынан сыр шертіп, заңғар жазушыға арналған ақындардың арнаулары мен өз жандарынан шығарған туындыларынан үзінді оқыды.https://www.instagram.com/p/CjFfUTTKjEU/?utm_source=ig_web_copy_link