🔔ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ » Средняя общеобразовательная школа № 10
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
"Secondary school №10"
Education Department of Semey district
Reception room :
+7(222) 31-48-17
bookkeeping:
+7(222) 31-49-21
Version for
visually impaired

Абай облысы білім басқармасының Municipal public institution «№10 жалпы орта білім беретін мектеп" Education Department of Semey district

» » 🔔ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01
September
2023

🔔ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

🔔 🔔 🔔 🔔 🔔 🔔 🔔https://www.instagram.com/reel/CwobY9dK4ZI/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

🗯️«Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
Сіздерді бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Білімнің жаңа көкжиегін игеруге, тың ізденістер мен жаһандық мақсаттарға ұмтылған үш миллионнан астам жас өреннің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылмақ.  

📖Биыл 130 мыңнан астам оқушы су жаңа мектептерде оқуды бастайды. Ауылдық жерлердегі білім деңгейін дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 1 мың ауыл мектебі қайта жаңғыртылып, пәндік кабинеттер ашылады, кітапханалар мен асханалары,  жиһаздары жаңартылады. Алғаш рет ауыл мектептері арасында республикалық олимпиада ұйымдастырылады. Мұның бәрі отандық білім сапасын арттыру, балалар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынуда.  

🎊Айналайын, балдырғандар, бірінші сынып оқушылары!
Бүгін сіздердің өмірлеріңіздегі ең қызықты әрі маңызды күн. Алғашқы қоңыраудың сылдырымен таңғажайып білім әлеміне саяхатты бастайсыздар. Биыл 382 мың бүлдіршін мектеп табылдырығын аттап, бірінші сыныпқа барады. Ал, 11 сыныптағы 188 мың оқушы үшін бұл алтын ұяның қабырғасындағы соңғы жыл.
Бүгінгі күннің ата-аналар үшін де маңызы ерекше. Перзентін мектепке дайындап, қобалжитын сәт. Әркім өзінің оқушы болған кездерін сағынышпен еске алатын күн.

📚Биыл алғаш рет колледж студенті атанған 190 мың жас үшін бұл - үлкен өмірге алғашқы қадам жасайтын шешуші күн.  
Біздің мұғалімдер үшін бұл күн сүйікті жұмысына оралатын, шәкірттерімен қауышатын күн. Осы айдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 100 мыңға жуық педагогтің жалақысы 30% - ға, ал колледж студенттерінің стипендиясы 50% - ға өседі.

💬Қадірлі әріптестер!
Жаңа оқу жылы әрқайсыңыз үшін қызықты әрі пайдалы болсын! Сіздердің барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Білім күні құтты болсын!»

Administration мүшелері

Администрация школы

КЕЛДИБАЕВА БАХТЫГУЛЬ ОМАРХАНОВНА
Директор
ТОКЫМТАЕВА АЛМАГУЛЬ РАМАЗАНОВНА
Директордың оқу-тәрбие ісі жөнінде орынбасары
БАПИШЕВА АЙГУЛЬ АСХАТОВНА
Директордың оқу-тәрбие ісі жөнінде орынбасары
ХАСАНОВА МАРЖАН АМАНГЕЛЬДИНОВНА
Директордың оқу-тәрбие ісі жөнінде орынбасары
КОЗЫБАЕВА АЙГЕРИМ ЕРМЕКОВНА
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
МАХАМБЕТОВА ГУЛЬНАРА МУРАТОВНА
Директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары
ТОКБУРИНА ТОҒЖАН БУГЫБАЕВНА
Директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары
ЗЕЙНЕЛҒАБИДЕНОВА АЙДАНА ҚАНАТБЕКОВНА
Әлеуметтік педагог
НАРИМАНОВА ГУЛЬДАНА АЙДАРБЕКОВНА
Ұйымдастырушы педогог
ТАЛТУСОВА ШЫНАР ЕРЖАНОВНА
Аға тәлімгер
БУРУГАЖИНОВА РЫСБИКЕ ЖОЛДАМБЕКОВНА
Заместитель директора по АХЧ
КАРАКИТАТОВ НУРЖАН АЛПЫСБАЕВИЧ
Завхоз
Алтынбекова Куралай Ахметовна
Бухгалтер
АХМЕТЖАНОВА АРАЙЛЫМ МАМАНОВНА
Менеджер по гос.закупу
Бахытбекова Арай Бахытбековна
Іс қағаз жүргізушісі
Куандыкова Айгуль Алатаевна
Зав. библиотекой
Боденова Надежда Викторовна
Библиотекарь
ФАДЕЕВА ТАТЬЯНА ВЛАДИМИРОВНА
Психолог-педагог
ШАКЕНОВА АЛТЫНГУЛ АРНАБЕКОВНА
Психолог-педагог