08
февраль
2023
“Әкелер кеңесі” мен ұстаздар арасында шағын футболдан турнир өтті.
Мектебімізде 08.02.2023 жылы ұлттық мектеп лигасы аясында “Әкелер кеңесі” мен ұстаздар арасында шағын футболдан турнир өтті. Турнир өте қызықты әрі тартысты болды. Жалпы мұндай іс-шараның өтуі мектебімізде жыл сайын дәстүрге айналды. Ондағы мақсат — ата-аналармен мектеп арасындағы байланысты нығайту және шыныққан, білімді, жігерлі, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу. Турнир нәтижесі бойынша 1-орынды “Ұстаздар” командасы, 2-орынды “Әкелер кеңесі” командасы иеленді.https://www.instagram.com/reel/Cobz9nKKJqG/?utm_source=ig_web_copy_link