08
September
2022
"Тіл - ұлттың жаны"
Қазақ әліпбиінің атасы, ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Тіл - ұлттың жаны" атты апталық барысында мектебіміздегі 8-9 орыс сыныптары арасында өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тіл - қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың ана тілімізге деген мақтанышын ояту, дүниетанымын кеңейту, ауызша сөйлеу біліктілігін жетілдіру мақсатында "Ұшқыр ой мен шешен тіл" полиглот сайысы өтті. Сайысқа 8"Г", 9"В", 9"Б" сыныптарынан құрылған 3 топ қатысты. Полиглот сайысы барысында оқушылар биылғы жылы аталып өтілетін мерейтой иелеріне қатысты, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов туралы сұрақтарға қазақ тілінде жауап берді. "Жорға" кезеңінде берілген сұрақтардың жауабын екі тілде айтса, "Аудармашылар" сайысында қазақ тілінде берілген мақал-мәтелдерді орыс тіліне аударды. "Анаграммалар" кезеңінде орны ауысқан әріптерден сөз құрастырды. "Кім шапшаң?" кезеңінде оқушылар жүргізушінің сөздерін жалғастырды. Сайыс соңында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Калиева К.К., Құсайын М.М оқушыларға тілдің маңыздылығы, тіл тазалығы туралы айтып қортындылады.Сайыс нәтижесінде 8"Г" сыныбы оқушыларынан құрылған "Сұңқар" тобы жеңіске жетті. Құттықтаймыз!

