25
May
2022
Сыңғырла, күміс қоңырау
Бүгін «№ 10 ЖОББМ» КММ-де «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанаты өтті. Мерекеде мектеп директоры Б.Келдибаеваның құттықтау сөзінен кейін арнайы жиынға келген қонақтар сөз алды. Алғаш рет мектептің оқу озаттарының шеруі болды. Жыл қорытындысы бойынша анықталған үздік ұстаздар марапатталып, мақтау қағаздары және сыйлықтар табысталды. Республикалық олимпиаданың қалалық және облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары мен оларды даярлаған мұғалімдеріне мақтау қағаздары табысталды. Мектеп түлектерінің қоштасу вальсі мен әндері салтанатты жиынның көркін аша түсті.
Сегодня в КГУ «СОШ№ 10» состоялась торжественная церемония последнего звонка «Сыңғырла, күміс қоңырау». На празднике после поздравления директора школы Б. Келдибаевой, выступили гости мероприятия. Впервые состоялся парад отличников школы. По итогам года лучшие учителя были награждены грамотами и подарками. Победители городского и областного этапов республиканской олимпиады и их учителя были награждены грамотами. Прощальный вальс и песни выпускников школы украсили торжественную линейку.







